Телефондарда "прослушка" бары рас болып шықты

Смартфонды арнайы техникалық білімсіз-ақ тыңдалып жатқанын байқауға болады.
Ресейлік сарапшы Никита Новиковтың айтуынша, белгілі бір белгілер телефонда шпиондық бағдарламалардың немесе мәліметтерді сыртқа тасымалдайтын зиянды процестердің белсенділігін білдіруі мүмкін.
Маманның сөзінше, егер телефон тез зарядсызданып, тіпті қолданылмаса да, қатты қызса – бұл бірінші күмән тудыратын белгі. Сонымен қатар фондық трафиктің күрт артуы, белгісіз әрі белгішесіз қосымшалардың пайда болуы, сондай-ақ телефонның өздігінен қосылып, әрекет жасауы да қауіпті процестердің іске қосылғанын меңзейді.
Новиков мұндай жағдайда USSD-командаларды пайдалануды ұсынады. Мәселен, *#21# пәрмені арқылы құрылғыда белсенді қайта бағыттаудың (переадресация) бар-жоғын білуге болады, ал ##002# командасы барлық қайта бағыттауларды өшіреді. Бірақ ең тиімді әрі қауіпсіз әдіс – құрылғыны зауыттық баптауларына қайта орнатып, барлық есептік жазба деректерін толық ауыстыру.
Соңғы жаңалықтар





