Telli желтоқсан айында бірегей ұсыныс жариялады

10.12.2025 15:44 Арман Ермеков
Telli желтоқсан айында бірегей ұсыныс жариялады
0
4

Премиум класындағы күтім және сәндік косметика, косметология, гомеопатиялық дәріхана және органикалық дәмхананы бір шаңырақ астына біріктірген Telli концептуалы дүкені мерекелік маусымға арнайы сыйлық дайындады. Желтоқсан айы бойы мұнда сұлулық пен жастықты сақтауға бағытталған ерекше ұсыныс әрекет етеді.

Осы айда Telli қонақтарына косметология әлеміндегі ең танымал екі аппарат – Scarlett және Ultraformer процедураларына тиімді шарттар ұсынылады. Бұл қос технология терінің коллаген бөлуін терең ынталандыруға, лифтингке және жасартуға бағытталған.

Мамандардың айтуынша, бұл аппараттардың әрқайсысы жеке-жеке де керемет нәтиже береді. Алайда оларды бірге қолдану процедураның тиімділігін еселеп, әсерін күшейтеді.

  • Оңалу кезеңі: 1 аптадан аспайды.
  • Нәтижесі: 6 айдан астам уақытқа сақталады.

Мерекелік ұсыныс аясында жоғарыда аталған аппараттық кешенді таңдаған клиенттерге мезотерапия сыйлыққа беріледі. Бұл қосымша процедура теріні жасушалық деңгейде жаңартуға, тереңнен нұрландыруға және процедурадан кейінгі қалпына келу процесін жеделдетуге көмектеседі.

Бүгінде Telli дүкенінде 30-ға жуық эксклюзивті косметикалық бренд ұсынылған. Дүкен сөрелерінен ең кішкентай бүлдіршіндерден бастап, ересектерге дейін – ерлер мен әйелдер өздеріне қажетті әрі пайдалы өнімді таба алады.

Компанияның миссиясы – импакт-бизнес болу. Бұл қоғамдық процестердегі тұрақты және ұзақ мерзімді оң өзгерістерді қолдауды және саналылық трендін дамытуды білдіреді. Ең талғампаз клиенттердің қажеттіліктерін өтеуді мақсат тұтқан Telli ұжымы өнім сапасы мен қызмет көрсету деңгейін үнемі жоғары ұстауға кепілдік береді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий