«Терісімен бірге жұлып алған»: Қарағанды облысында 14 жастағы баланы өртеп жіберген
Қарағанды облысында 14 жастағы баланы өртеп жіберген 16 жастағы жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Сот оған пробациялық бақылаумен бірге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Өткен жылдың 17 қыркүйегінде Ақтоғай ауданының Шашубай ауылында көптеген тұрғындарды дүрліктірген оқиға тіркелген. 16 жастағы жасөспірім 14 жастағы Нұрсұлтанға жанып тұрған сіріңкені лақтырып жіберген, ал баланың жанармайға малынған шалбары лезде тұтанып, мата терісіне жабысып қалған. Нұрсұлтан ауырсынуға қарамастан оттан жанып тұрған шалбарын терісімен бірге жұлып алған.
Алайда 16 жастағы жасөспірім көмек шақыруға әрекет етпей, керісінше үйіне барып ескі шалбарын әкеліп, жарақатына қарамастан соны киюді бұйырған. Ол сондай-ақ Нұрсұлтанға болған жағдайды ешкімге айтпауды ескерткен. 14 жастағы бала қатты күйік алғанына қарамастан үйіне жетіп, анасы дереу жедел жәрдем шақырған.
Нұрсұлтанның анасы оқиғаның қалай болғанын түсіндірді.
«Ұлым 17 қыркүйекте тағы үш баламен бірге сол балалардың бірінің үйінің ауласында болған. Сол балалардың ішіндегі ең үлкені – 16 жастағысы балаларға бензиннің буын иіскеуді ұсынған. Олар канистрдің қақпағын ашқан. Бірақ менің ұлым байқамай канистрді қағып кеткен. Бензин төгіліп, шалбарына тиген. Сол 16 жастағы жасөспірім ұлымнан 4 500 теңге көлемінде шығынды өтеуді талап еткен» деді ол.
Мектеп оқушысы ақшасы жоқ екенін айтқанда, ашуланған үлкен жасөспірім сіріңке жағып, Нұрсұлтанға қарай лақтырып жіберген. Ата-аналар полицияға жүгінгенімен, олар белсенділік танытпаған: заттай дәлелдер алынбаған, 16 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылмаған. Ақтоғай ауданының тергеушісі тіпті «қылмыс құрамының болмауына байланысты» істі тоқтату туралы қаулы шығарған.
Кейін іске Қарағанды облысының ювеналды соты араласып, жасөспірімді ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігі – «Кәмелетке толмағанға қатысты орташа ауырлықтағы денсаулыққа қасақана зиян келтіру» бойынша кінәлі деп таныды. Судья оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Соңғы жаңалықтар