"Тезек жегізген": Қарағандыда ата-анасы балаларын қорлаған

29.05.2025 10:14
0
196
Видеодан алынған кадр

Қарағандыда асыранды балаларды қорлаған Қарағандыда асыранды балаларды азаптап, әбден қорлағандарға қатысты сот болып жатыр. Бүгінгі отырыста қорлық көрген жетімдер түсініктеме бере бастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ KTK телеарнасына сілтеме жасап.

Қора-қопсыны тазалау сияқты қара жұмысқа жегіліп, үнемі ашқұрсақ жүрген баланың бірі қалай мүгедек болып қалғанын айтып берді. Тағы бірі тоқпақтың күшімен сол үйдің ұл‑қызын ханзада мен ханшайым деп атауға мәжбүрленгенін де жеткізді.

Бұл бала патранат отбасында тұрған бес жылда көрмеген қорлығы жоқ. Ал оны баққаны үшін бюджеттен алатын ақшаға екі рет қора тазалауға киетін резіңке етік алып беріпті. Бір рет спорт аяқ киімін алғанын айтады. Жаңа киім киіп көрмеген, ел беретін ескі-құсқыны киген. Үй иелері балаларды құл ретінде жұмсап келген.  

Отбасындағы адамдарды қалай атап жүрдіңдер? — Бізге айтатын, оларды «ханым», «ханзада» деп атаңдар деп. — Нұрайым, сіздерге тек макарон берді ме, әлде тағы басқа болды ма? — Фасоль беретін. — Сендерді азаптау үшін тағы бірдеңе жегізетін бе еді? — Иә, сиырдың жапасын. Тағы бір бала үй иелері қит етсе, көкала қойдай қып сабап, нәр татырмай қоятынын айтты.

Үйдегі үлкен-кіші қолына не түссе, сонымен ұрып, жетімдерді әбден қорлаған. Сарапшылар үнемі таяқ жеп келген балалардың денесінен 19‑дан 47-ге дейін тыртықтарды анықтаған. Сол үйде жүріп 8 жасында оқтаумен басы жарылған тағы бір бала жансақтау бөлімінен бірақ шыққан. Басының бір бөлігінде пластина тұр, қазір ол мүгедек.

 Менің басымды оқтаумен жарды, «әткеншектен құладым» деп айта сал деді. №45 кварталда ауруханада жатқан кезде дәрігерлерге «мені оқтаумен ұрды» деп айттым. Мына жерімнен оқтаумен ұрды, мына жеріме пластина қойды. Мына жерімді тікті.

Осы жайттан кейін жәбір көрген балалар үйіне қайтып, азаптан құтылған. Қалған балалар үйде көріп жүрген қорлығын мектепте мұғалімдерге жеткізіп отырдық дейді. Бірақ сол кезде елең еткен пенде болмаған. Қылмыстық іс одан көп кейін қозғалып отыр. Сотта қалған балалардан да жауап алынатын болады.

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий