Tiktok-тағы тікелей эфирде шектен шыққан Тараз тұрғыны жазаланды

Tiktok-тағы тікелей эфирде шектен шыққан Тараз тұрғыны жазаланды
Видеодан кадр

Тараз тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде әдепсіз әрекеті мен былапыт сөздері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жамбыл облысының полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдарының назарына «Тау адам» атауындағы аккаунт іліккен. Тексеру барысында парақшаның иесі Тараз қаласының тұрғыны Абзал Салихов екені анықталған.

Жинақталған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адамға бес тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу