«Тілі әткеншекке жабысып қалған»: Павлодарда жеті жастағы бала өзін оқушылар ұрды деп өтірік айтқан

11.12.2025 10:16 Мөлдір Талғат
«Тілі әткеншекке жабысып қалған»: Павлодарда жеті жастағы бала өзін оқушылар ұрды деп өтірік айтқан
0
126
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда тараған «екі оқушы 7 жастағы баланың тілін кеспек болды» деген ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

 Полицияның тексерісі барысында көрші тұрғындардан жауап алынып, бейнебақылау камералары тексерілгенімен, ешқандай әлімжеттік белгілері табылмады.

Тергеу нәтижесінде баланың жарақатты өзі алғаны белгілі болды: ол аулада ойнап жүріп, қызық көріп тілін металл бөлікке тигізген, қан шыққанын көрген соң қорқып, оқиғаны ойдан құрастырып айтқан.

Полицейлер жеткіншекке мұндай әрекеттің қауіпті екенін түсіндіріп, анасына баланы мектеп психологына апаруға кеңес берген. Ведомство баланың емделіп шыққаннан кейін оның және анасының ісі Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатынын хабарлады.

Алайда Павлодар облысының балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова баланың жеке ісін комиссияда қарауға қарсы екенін айтып, ананың да оқиғаның ойдан шығарылғанын растағанын жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий