"Тірі қалғаныма әлі сенбеймін": Үндістанда ұшақ апатынан аман қалған жалғыз адам жағдайды баяндады

15.06.2025 13:52
0
271
BBC

Үндістанда әуежай маңында болған ұшақ апатынан аман қалған жалғыз жолаушы мән-жайды айтып берді.

Бұл туралы Stan.kzақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап жазды.

Ұлыбритания азаматы Вишвакумар Рамеш Air 12 маусымда India әуекомпаниясының AI171 рейсінде болған. Ахмадабадтан Лондонға ұшқан Boeing 787 лайнері әуеге көтерілген соң бірден апатқа ұшырап, құлаған. 40 жасар Рамештің орындығы – 11A, яғни апаттық есік маңында болған. Оның Лестерде әйелі мен төрт жастағы ұлы бар екен. 

"Белбеуімді шешкен кейін, аяғымды тіреп, есік арқылы шығуға тырыстым", – дейді Рамеш.

Air India компаниясының мәліметінше бортта болған 241 адам (229 жолаушы, 12 экипаж мүшесі) қаза болған. Апат құрбандары, негізінен, Үндістан (169) және Ұлыбритания азаматтары (52). Апат орнынан қазірге дейін 200-ден астам мәйіт табылған. Бірақ олардың нақты жолаушыларға немесе тұрғындарға тиесілі екені анықталмаған. Себебі әуе көлігі медициналық қызметкерлер мен студенттер тұратын жатақханаға құлаған.

Аман қалған жолаушы Рамештің айтуынша, ұшақ көтерілген соң шамамен бірнеше секундтан кейін ұшақ ішінде жарық сөніп, жанып тұрған. 

Ұшақ құлаған орын Байрамджи Джиджибхой атындағы жергілікті Азаматтық аурухананың қызметкерлері мен оған қарасты Медициналық колледждің студенттері тұратын жатақхана болған.

Рамештің орындығы ұшақтың ғимаратқа тимей, жерге құлаған фюзеляж бөлігінде орналасқан. 

"Люк шыққанда, оның артында бос орын бар екенін көрдім. Мен сол жерден өттім. Фюзеляждың келесі жағындағы қабырға тұсында отырған адамның аман қалуға мүлде мүмкіндігі болмады. Ссебебі ұшақ дәл сол жағына қарай құлаған", – дейді ол. 

Әлі күнге дейін апаттың нақты себебі айтылмады. Мамандар нақты не болғанын анықтауға мүмкіндік беретін "қара жәшіктің" табылғанын хабарлады.

Әлеуметтік желілерде тараған видеодан Рамештің жедел жәрдем көлігінің қасына өзі келгенін көруге болады. 

"Өзімнің тірі қалғаныма әлі күнге дейін сенбеймін. Тіпті қирандының астынан өзім шықтым. Адамдардың, стюардессалар мен жанымдағы екі жолаушының өліп жатқанын өз көзіммен көрдім. Өлетін шығармын деп ойладым. Бірақ көзімді ашып, жанымдағыларды көргенде, тірі екенімді білдім", – дейді ол.

Рамештің дәрігері Дхавал Гамети оның "аздап қорқып қалғанын, денесінде көптеген жарақаттары барын", алайда жағдайының қалыпты екенін хабарлады. Британдық билік мәліметінше, дипломаттар көмек ұсыну үшін Рамешпен байланысқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий