«Тізеңді батырдың – мен кештім»: Тұңғышбай Жаманқұлов Асанәлі Әшімов туралы жантебірентерлік жазба жариялады

22.12.2025 15:12 Әсел Мұрат
«Тізеңді батырдың – мен кештім»: Тұңғышбай Жаманқұлов Асанәлі Әшімов туралы жантебірентерлік жазба жариялады
1409

Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов күні кеше дүниеден өткен аңыз актер Асанәлі Әшімовтің қазасына қатысты жүрекжарды жазба арнады, деп хабарлайды Politico.kz.

«Асқар тауымыз едің - аласармадың... Аспанға кеттің... Мәдиіңді ойлап мұң байладың... Сағиыңды сағынып сал шекпен жамылдың... Қатарыңнан жалғыз едің - соңдарынан кеттің... Қатарымнан жалғызбын - арттарында қалдым.... Ағалық жасап арқамнан қақпадың - әлжуаздықтан сақтадың...Көкем болып, көңілімді өсірмедің - кішілігім кем боп жақпадым... Жерлес ретінде жығылғанымда жебемедің - өз күшіме сендірдің... Сүйеніш болмадың - жансірілікке үйреттің... Тірегім болмадың - табаным таймастай тағаладың... Белімді бумадың - бекемдікке баулыдың... Алдымда жүріп, адымымды ұзарттың... Соңыңда қалдырмадың - ізіңде жүргенімді сездің... Қатарымды тептің... Тізеңді батырдың - Мен кештім... Биіктігіңе парапар, Пенделігіңді көрдім - Өзің де кеш... Өкпеге қисам да, Өлімге қимадым... Сарыуайым - Сағынышқа айналдың... Қош... Бақыл бол...», - деп жазды Тұңғышбай Жаманқұлов.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий