Тоқаев: Барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік
804
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына сапары барысында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Мен облыстарға сапарымда жалпы елдің мәселелерін көтеріп жүрмін. Аймақтарда айтылған ой-пікірлерімді бүгін қорытқым келіп отыр. Біз жаңа қоғам құрып жатырмыз. Соңғы бірнеше жылда саяси реформа аясында көптеген өзгеріс жасадық. Бірақ, біз тек саяси мәселемен шектеліп қалмаймыз. Алда экономикалық, әлеуметтік және басқа да бағыттар бойынша ауқымды жұмыс тұр. Дегенмен, түпкі мақсатымызға жету үшін бұл жеткіліксіз. Біз өзгерісті, ең алдымен, өзімізден бастауымыз керек. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруымыз қажет. Әр азаматтың, бүкіл қоғамның санасы өзгермейінше, басқа реформаның бәрі бекер. Ұлттың жаңа сапасы жаңа құндылықтар арқылы қалыптасады», -дедіМемлекет басшысы.Президент маңызы жоғары қасиеттер мен құндылықтарға тоқталды.
«Осы орайда, мен халқымыз үшін маңызы жоғары қасиеттер мен құндылықтарға қысқаша тоқталайын. Бірінші маңызды мәселе. Біз еңбекқор болуымыз қажет. Қоғамымызда еңбек адамы бірінші орында тұруға тиіс. Шын мәнінде, барлық жетістіктің бастауы – адал еңбек және іскерлік. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз кәсібінің шебері болу және ерінбей еңбек ету. Түрлі қаржы пирамидасына, құмар ойындарға әуес адамдар ақшаның оңай жолмен келмейтінін түсінуі керек. Маңдай терімен табыс тапқан адам оны мақсатсыз шашып, ысырап қылмайды. Үнемшіл, қанағатшыл әрі ұқыпты болады. Мен академик Асқар Жұмаділдаев айтқан пайыммен толық келісемін. Халқымыз осындай күрделі заманда ең алдымен, әлемге прагматикалық көзбен қарауы керек. Жастарымыздың санасы сергек, еті тірі, ширақ болуы қажет. Көрші мемлекеттердегі жас азаматтар шетелге барып, кәсіпорындар, дүкендер ашып, жақсы өмір сүру үшін жаңа дағдыларды игеріп жатыр. Олар, шын мәнінде, бәсекеге қабілетті еңбекқор адамдар, - деді Президент.
Соңғы жаңалықтар
26.09.2026
17:15
Тоқаев Қорғаныс министрлігін кешенді тексеретін...
26.09.2026
16:36
“Олар біз үшін өліп пе?”: Аза тұту күні эфирге ...
26.09.2026
15:36
«Әкемді кінәлі етіп шығармаңыз»: Каспийдегі жағ...
26.09.2026
14:28
Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған үшінші ...
26.09.2026
13:15
Қазақстандық Альфия Тілекқабыл парадзюдодан әле...
26.09.2026
12:09
Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының жаңа әкімі болып т...