Толқын Забирова болашақ келініне ескерту айтты

Толқын Забирова болашақ келініне ескерту айтты
07.10.2025 21:42
0
121

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада жұлдызы Толқын Забирова – үш ұлдың анасы. Ол болашақ келініне қандай талаптар қоятынын айтты. Әнші бұл жайында "Бүгін LIVE" бағдарламасына берген сұхбатында сырын ашқан, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Қандай келін керек маған? Ол қандай болу керек? Ата-ананың тілегі: бір-бірінің тілін тапса, сыйластықпен өмір cүрсе, одан артық маған ешнәрсе керек емес. Ешқандай талап қоймаймын. Ұлымның таңдауын қабылдаймын. Ана еш уақытта кері жүрмеуі керек, әр адамның өзінің сезімі бар. Әр адам жүрегін тыңдауға тиіс. Тәулігіне 24 сағат әңгіме айтсақ та, мен оны түбіне дейін түсінбейтін шығармын. Ол басқа отбасында тәрбие алған адам. Менің балам қабылдады ма, мен үшін ол табу, талқыланбайды", – деді Толқын Забирова.

Оның айтуынша, үш ұлы бар. Үлкені 23 жаста, Шахрияр. Сингапур университетін бітіріп, дипломын алған. Қазір өзінің шағын кәсібімен айналысып жатыр. Екіншім Диар – өнер жолында. Құрманғазы атындағы консерваторияда биыл 4-курста оқиды. Кенжесі Санжар – студент. 3-курста оқиды.

Әншінің өзі “төрт құбылам тең. Үйде жолдасым, үш ұлым бар"дейді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий