Тоқаев елімізді мазаққа айналдырғандарды қатаң сынға алды

Тоқаев елімізді мазаққа айналдырғандарды қатаң сынға алды
28.01.2025 22:28
0
283
Aqorda.kz
Тоқаев еліміздің беделін түсіретіндер туралы пікір білдірді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында кейбір азаматтардың еліміздің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерін қатаң сынға алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президенттің айтуынша, көптеген шетелдіктер Қазақстанның жетістіктеріне сүйсініп, оларды әлемге мақтанышпен жеткізуде. Алайда, кейбір отандастарымыз, оның ішінде шоу-бизнес өкілдері, жас белсенділер және тіпті депутаттар еліміздің беделін түсіретін әрекеттерге барып жүр.

"Қалай болғанда да, заңды тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекет қабылдаған шаралар өз еліне затбелгі қоюға себеп болмауы керек. Кейбір азаматтар елімізді мазақ қылуға әуестеніп барады. Мысалы, өзге елдердің өкілдері жоқ жерден керемет жетістіктер мен табыстарды тауып алып, оны шетелге жан-жақты насихаттап жатыр. Ал біздің азаматтар, олардың ішінде шоу-бизнес өкілдері, өзін-өзі қоғам белсендісі санайтын жастар, тіпті депутаттар да бар, Қазақстанға неше түрлі лақап ат қоятын болды. Бұл енді мүлде түсініксіз, ақылға сыймайтын нәрсе", - дейді Тоқаев.

Тоқаев "Заң және тәртіп" қағидатының маңыздылығына тоқталып, оның қоғамдық санада терең орнығуы керектігін атап өтті. Құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын енгізіп, тиісті жұмысты барлық деңгейде, әсіресе аймақ әкімдері ұйымдастыруы қажет екенін айтты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или