Тоқаев ерекше видео жариялады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында жаңа туған ақалтеке құлындарының ерекше видеосы мен суреттерін бөлісті. Мемлекет басшысы өзіне сыйға тартылған арғымақтарды арнайы барып көріп, жас төлдерге ат қойды, деп хабарлайды Politico.kz.
Қазақ халқы үшін жылқының орны қашанда бөлек екені белгілі. Бұл дәстүрді Мемлекет басшысы да берік ұстанып келеді.
"Бүгін асыл тұқымды арғымақтарды көруге арнайы келдім.
Жуырда екі бие құлындап, Ақалтеке жылқыларының қатарына жаңа арғымақтар қосылған. Алдыңғы төлдің атын Ақниет деп қойдым. Ал кейінгі туған құлыншақты Бөрте деп атадым", – дейді Президент.
Сонымен қатар, ат баптау – қазақ үшін атадан қалған ең қастерлі мұра екенін ерекше атап өтті.
"«Ер жетіліп, бас болар, тай жетіліп, ат болар» деген. Желмен жарысқан жүйрік болсын деп тіледім. Ат баптау – атадан қалған асыл мұра", – деді Тоқаев.
Естеріңізге сала кетейік, биыл мамыр айының басында Президент әр жылдары шетелдік әріптестері мен өзге де тұлғалар тарапынан сыйға тартылған жылқыларға арнайы барып қайтқан болатын.
Соңғы жаңалықтар