Тоқаев сыйға тартылған жылқыларын көрсетті (ВИДЕО)
Тоқаев сыйға тартылған жылқыларды барып көрді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзіне әр жылдары сыйға берілген жылқыларды барып көріп, олардың күтімімен танысты, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысы былтыр ахалтеке тұқымына жататын ашық сұр түсті құлынға Ақжан деп ат қойғанын айтты. Сонымен қатар, бірнеше ай бұрын осы жылқылар қатарына тағы бір ақшыл қоңыр құлын қосылып, Президент оны Ақниет деп атаған.
Тоқаевтың айтуынша, жылқы шаруашылығын жақсы білетін мамандар Ақниеттің болашақта халықаралық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуі мүмкін екенін атап өткен. Сондай-ақ Президент Іс басқармасының атқорасында жуырда Қатар мемлекеті сыйға тартқан араб сәйгүліктері де пайда болған.
Президент кейде атқораға өзі барып, жылқыларды қолымен жемдейтінін де жасырмады.
Мемлекет басшысы өз жазбасында елімізде ат спортының дамуына ерекше көңіл бөліп, жылқыға деген құрметті арттыру маңызды екенін атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...