Тоқаев Ержан Ашықбаевты Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі қызметінен босатты

Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол бұл қызметте 2021 жылдан бері атқарып келді.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті клшісі лауазымынан босатылды», - деп хабарлады Ақорда.
Ержан Нигматоллаұлы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің түлегі. Сонымен қатар, Гарвард университетінің Дж. Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Халықаралық қатынастар саласындағы маман, мемлекеттік басқару магистрі.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі лауазымына дейін Ашықбаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде қызмет еткен (2013-2021 жж.).
2012 жылдан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР үкіметінің ресми өкілі болды.
2012-2013 жылдары ҚР президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің қызметін атқарған.
Соңғы жаңалықтар





