Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты
-
Қанат Бозымбаев Каспийдегі қайғылы оқиға қатысты мәлімдеме жасады
24.09.2026, 22:17
-
Қанат Бозымбаев жоғалған екі сарбазды тәулік бойы іздеуді тапсырды
24.09.2026, 21:52
-
Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 12 әскердің аты-жөні жарияланды
24.09.2026, 21:15
-
Ақтау мәйітханасына қаза тапқан сарбаздардың туыстары жиналды (ВИДЕО)
24.09.2026, 20:26
-
Каспийдегі қайғылы оқиға: Үкіметтік комиссия Маңғыстауға жетті
24.09.2026, 19:59
-
Каспий теңізінен құтқарылған сарбаздың жағдайы белгілі болды
24.09.2026, 19:31
-
Тоқаев 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады
24.09.2026, 19:08
-
Ерлан Қарин Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
24.09.2026, 18:29
-
Тоқаев Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтты
24.09.2026, 16:56
-
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі Қазақстанға көңіл айтты
24.09.2026, 16:33
-
Маңғыстауда әскерилер қаза тапты: үкіметтік комиссия құрылды
24.09.2026, 15:21
-
Каспийде әскери қызметшілер қаза тапқан жерден бейнежазба жарияланды (ВИДЕО)
24.09.2026, 14:37
Маңғыстау облысында оқу-жаттығуға қатысқан 19 әскери қызметшіні теңізге алып кетіп, олардың тоғызы қаза тапты. Үш адам құтқарылып, біреуі ауруханаға жатқызылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында болған. Министрліктің хабарлауынша, Әскери-теңіз күштерінің қызметшілері оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындап жатқанда ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жіберілген. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Әскери-теңіз күштері мен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, әуе көліктері және басқа да тиісті қызметтер жұмылдырылды.
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов бастаған комиссия да оқиға орнына шұғыл аттанды. Комиссия болған жағдайдың мән-жайын анықтап, іздестіру-құтқару жұмыстарын үйлестіреді.
Министрлік қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына көңіл айтып, отбасыларына қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетілетінін хабарлады.
Іздестіру барысы мен әскери қызметшілердің жағдайы туралы қосымша мәлімет түскен сайын тексеріліп, жарияланады. Қорғаныс министрлігі жұрттан өзінің және өзге мемлекеттік органдардың ресми ақпаратына ғана сүйенуді сұрады.
Соңғы жаңалықтар