Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен негізгі реформалар барысын талқылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бектенов Мемлекет басшысына 2024 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсімі 5,4%-ды құрағанын баяндады. Сонымен қатар, ірі инфрақұрылымдық және энергетикалық жобаларды іске асыру, цифрландыруды дамыту және адами капиталды жетілдіру бағытындағы жұмыстар туралы ақпарат берді.
Премьер-министр Республикалық штабтың су тасқынына қарсы шаралар бойынша есебін ұсынды. Қазіргі таңда жағдай тәулік бойы бақылауда, ал төтенше жағдайлардың алдын алу үшін 37 мыңнан астам қызметкер мен 13 мыңнан аса техника дайындалған.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы Үкіметке келесі тапсырмаларды жүктеді:
- Экономиканың нақты секторын қолдау;
- Инвестиция тарту жұмысын күшейту;
- Әлеуметтік саясатты жетілдіру.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің экономикалық реформаларды жүзеге асыруы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бастамаларын тұрақты бақылауда ұстайтынын айтты.
Соңғы жаңалықтар





