Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Түркістанның мәртебесі заңды түрде бекітілді
Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.
Құжатта:
- тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;
- археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;
- тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;
- қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;
- археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;
- мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;
- қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;
- тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;
- мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;
- туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
21:24
Павлодарда 20 қытайлық заңсыз жұмыс істеп жүрге...
13.11.2026
20:50
Ірі шенеуніктер ұсталған соң Тоқаев ҰҚК басшысы...
13.11.2026
20:32
«Бірнеше айдан бері ұрады»: Астанада балабақша ...
13.11.2026
20:21
Ұлытау облысы Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ...
13.11.2026
19:41
Кувейтте жұмбақ дертке шалдыққан қазақ қызы: СІ...
13.11.2026
19:30
Тоқаев ҚТЖ жұмысын қатаң сынға алды