Тоқаев Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісімен кездесті

Тоқаев Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісімен кездесті
31.01.2025 15:54
0
258
aqorda_resmi
Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық байланыстар жаңа деңгейге көтерілуде

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі Акихиса Нагашиманы қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент Жапония Премьер-министрінің арнаулы кеңесшісі, Парламент Өкілдер палатасының депутаты Акихиса Нагашиманы қабылдады.

– Қазақстан Жапониямен стратегиялық серіктестікті дамытуға ерекше мән береді. Екі ел арасында достық пен өзара түсіністікке негізделген тығыз ынтымақтастық орнаған. Біз «Қазақстан мен Жапонияның арасы алыс болғанымен, достығымыз берік» деп айтамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-техникалық байланыстарды кеңейтуге айтарлықтай әлеует бар екеніне тоқталды. Президент Қазақстан экономикасына тартылған жапон инвестициясының көлемі 8 миллиард доллардан асқанын айтты. Сондай-ақ еліміздің шетелдік инвесторларға, соның ішінде Жапонияның озық компанияларына қолайлы жағдай жасауға дайын екенін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или