Тоқаевтың арқасында Польшада ұсталған қазақстандық босатылды

Тоқаевтың арқасында Польшада ұсталған қазақстандық босатылды
Тоқаевтың араласуымен Польшада ұсталған қазақстандық әскери атташе босатылды

Бұған дейін Польша аумағында ұсталған қазақстандық 28 сәуір күні босатылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі,баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді. Оның айтуынша, азаматты босату Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке араласуының арқасында мүмкін болған. Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде шетелде де, қорғауды әрдайым басты назарда ұстайтыны атап өтілді.

Президент бұл мәселеде қолдау көрсеткен Александр Лукашенко мен Владимир Путинге алғыс білдірді.

Сонымен қатар Польша басшылығына Президент Кароль Навроцкий мен Премьер-министр Дональд Тускқа қалыптасқан жағдайда байыпты ұстаным танытқаны үшін алғыс хаттар жолданғаны хабарланды.

Оқиғаның өзге мән-жайлары жария етілмеді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу