Тоқаевтың экс-көмекшісі Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды

23.01.2026 11:40 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Тоқаевтың экс-көмекшісі Қанат Шарлапаев жаңа қызметке тағайындалды
350
© Sputnik / Владислав Воднев

Қанат Шарлапаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жаңа төрағаны сайлау бүгін, 23 қаңтарда, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезінде өтті. Бұл қызметке Қанат Шарлапаев Раимбек Баталовтың орнына келді.

Өнеркәсіпті дамыту қорының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Қанат Шарлапаев 1981 жылы Саратов облысында дүниеге келген.

Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Cranfield School of Management оқу орнын бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы банк секторында бастаған.

Әр жылдары Ұлыбритания мен Чехиядағы «Сити» инвестициялық банкінде түрлі қызметтер атқарған, Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, «Ситибанк Ресей» аға вице-президенті болған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Ал 2023 жылдың қыркүйек айында Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі қызметіне тағайындалды. 2024 жылдың ақпан айында қайтадан Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі болды.

Еске салайық, Қанат Шарлапаев өткен жылдың ақпан айының соңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалған. Сәуір айында ол тағы бір қызметке ие болып, «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. Кейінірек оның «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланғаны белгілі болды.

Алайда 2025 жылдың  қыркүйегінде Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий