Тоқаевтың сынынан кейін: Екі облыста әкімдер ауыса ма?
1182
17 шілде күні Атырау және Ұлытау облыстарының мәслихат депутаттары өңірдің жаңа әкімдерін тағайындауға келісім беру мәселесін талқылау үшін кезектен тыс отырыс өткізеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Атырау облыстық мәслихатының жиыны таңғы сағат 9:30-да өтсе, Ұлытау облысының депутаттары сағат 11:00-де бас қосады.
Облыс әкімдерін тағайындау алдында олардың кандидатуралары мәслихат депутаттарының қарауына ұсынылып, келісімі алынуы тиіс. Әзірге әкімдікке ұсынылатын кандидаттардың есімдері ресми түрде жарияланған жоқ.
Еске салсақ, Атырау облысын 2022 жылдан бері Серік Шәпкенов басқарып келеді. Ал Ұлытау облысының әкімі қызметіне Дастан Рыспеков 2024 жылдың күзінде тағайындалған болатын.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өңір әкімдерінің жұмысын сынға алып, әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылым, экология және халықпен кері байланысты күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеген еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
15.10.2026
12:09
«Жұрт тараған соң жалғыз қалды»: Майғазиевтің ...
15.10.2026
11:45
Танымал қазақ жазушысы, журналист өмірден өтті
15.10.2026
11:45
«Қол қоятын құжатты оқу керек»: СІМ Ресейдегі қ...
15.10.2026
11:42
Әйелін өлтірген жиеніне кешірім берді: 15 жаста...
15.10.2026
11:31
6 ай күтудің қажеті жоқ: «Отбасы банк» пәтер ал...
15.10.2026
11:08
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге көтеріледі