«Тоқал болсам...»: Анна Данченко өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді

24.08.2025 18:16 Берік Арманов Берік Арманов
«Тоқал болсам...»: Анна Данченко өзіне қатысты ақпаратқа жауап берді
0
1036
Фото: Instagram/anna_danchenko

Белгілі тележүргізуші әрі журналист Анна Данченко өзіне қатысты қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында кейбір адамдардың орынсыз әңгімелеріне тоқталды.

«Күліп қоямын. Кіммен суретке түссем де, артынан қосып өсек шығаратындар бар. Таңғалдыратыны – мұндай әңгімелерді кішкентай қыздар емес, ер адамдар да, тіпті әпкеммен немесе анаммен жасты апайлар да айтады. Неден ләззат табатынын түсінбеймін. Оған сенетіндер де табылады. Бұрын “біреудің тоқалы” дегенді жапсырған еді, бірақ күні-түні жұмыста жүргенімді көріп, соған сенбей қалған болар. Егер тоқал болсам, мұнша тынымсыз еңбек етпес едім. Алла өзі реттеп қойған шығар, өз адамым әлі кездеседі. Сол кезде бәрінің айтқан әңгімелеріне жауап болады», – деп жазды ол.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий