Төреғали Төреәлінің әкесі ұлының денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс айтты

Төреғали Төреәлінің әкесі ұлының денсаулығына алаңдаған жұртқа алғыс айтты
30.04.2025 19:10
0
36
Фото: instagram.com/toregalitoreali

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің әкесі Төреәлі Төлепов әлеуметтік желідегі жазбасында ұлының денсаулығына алаңдаған жұртқа алғысын білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Ол жариялаған видеода Төреғали ән айтып отырған сәт бейнеленген. Жазбада әкесі ұлының жағдайының жақсарып келе жатқанын да ишарамен жеткізді.

«Ұлыма сауығып кетсін деп тілекші болған, дұға жасаған барша халыққа Алла разы болсын. Жақсы хабармен жолығайық», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары бұл жазбаны жылы қабылдап, әншінің тез сауығып кетуін тіледі:

«Төреш ауырып қалды ма?», «Сіз бізді қуанттыңыз, уайымдап жүрген едік», «Халықтың сүйіктісі ғой, тезірек сауығып кетсін», «Сағындық, концертін күтіп жүрміз», - дейді олар.

Еске салайық, наурыз айының басында Төреғали Төреәлінің Алматы, Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы концерттері денсаулық жағдайына байланысты кейінге шегерілген болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий