Төреғали Төреәлінің ата-анасы ел білмеген жаңалық айтты

Танымал әнші әрі ақын Төреғали Төреәлінің анасы Аягөз Төлепова қызы Фаризаға берген сұхбатында отбасы құндылықтары туралы сөз қозғады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Бір ұл, екі қызды тәрбиелеп өсірген Аягөз Төлепова ер мен әйелдің арасында болатын түсініспеушілік туралы айтып, өз тәжірбиесін бөлісті.
"Бір күн ұрыс болса, үйіңізден қырық күн береке кетеді. Сол себепті конфликтіден ұрыспаудың амалын жасау керек әйел адам. Біздің отбасымызда мысалғы сенің әкең қатты кетіп жатса, мен үндемей қаламын. Үнемі ондай біз гармонияда өмір сүреміз, кереметпіз деп айта алмаймын. Ол әрбір отбасында болатын дүние. Өзіңді жерге ұрғандық емес. Өзіңнің отбасыңның құндылығы ғой. Жас қыз-келіншектерге айтарым: отбасы болғаннан кейін ондай ұрыс-керіс болып тұрады. Қазан-ошақ сылдырламай тұрмайды, деп айтып жатады ғой. Ашуланды ма күйеулерің үндемей тұра тұрыңдаршы. 10-15 минут үндемей отырыңдар. Нәтижесін көресіңдер", - деді Төреғали Төреәлінің анасы.
Соңғы жаңалықтар





