Торонто әуежайында жолаушылар ұшағы аударылып түсті
Торонто әуежайында АҚШ-тан келген жолаушылар ұшағы аударылып қалды
АҚШ-тан шыққан Delta Air Lines әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Канададағы Торонто әуежайына қонған кезде аударылып түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Bombardier ұшағы Миннеаполистен ұшып келген. Қону кезінде әуе кемесі тұрақсызданған, нәтижесінде толықтай аударылып түскен.
Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнежазбаларда ұшақтың фюзеляжы төңкеріліп жатқанын көруге болады. Өрт сөндірушілер әуе кемесін көбікпен жауып жатыр, бірақ өрт белгісі байқалмаған.
"Бортта барлығы 80 жолаушы болған. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ. Дегенмен үш адам ауыр жарақат алды. Олардың ішінде бір бала мен екі ересек адам бар", – деп мәлімдеді жергілікті басылымдар парамедиктерге сілтеме жасап.
Зардап шеккендер дереу жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның себептері анықталуда.
Еске салсақ, осыған дейін Аризонада екі әуе кемесі соқтығысып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
05.11.2026
11:26
Air Astana ұшағына не болды: Хайнаньда 150-ден ...
05.11.2026
11:10
Алматы метросында не болды? Полиция мән-жайды т...
05.11.2026
10:49
Шымкентте бірінші сынып оқушысына тиіскен мұғал...
05.11.2026
10:32
Ташкентте жаппай уланған қазақ балалары не жеге...
05.11.2026
10:14
Қазақтың «Китанасы»: «Бүркітке» алғаш рет қыз қ...
05.11.2026
10:04
Мобильді аударымдарға қатысты жаңа ереже күшіне...