Төрт мемлекеттік қызметші бәс тігіп, қызметінен айырылды

Төрт мемлекеттік қызметші бәс тігіп, қызметінен айырылды
Фото: istockphoto.com

Жамбыл облысында құмар ойынға әуес төрт мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды. Тіпті олардың бірі ойын шотына 23 млн теңгеден астам ақша аударған, деп хабарлайды Politico.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Жуалы ауданының прокурорлары жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің букмекерлік кеңсенің ұялы телефондағы қосымшасы арқылы тұрақты түрде бәс тігіп келгенін анықтаған.

2024 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге құмар ойын ойнауға және бәс тігуге заңмен тыйым салынған. Бұл талапты бұзғандар мемлекеттік қызметтен босатылады.

Прокурорлардың араласуымен төрт қызметші де теріс себептермен жұмыстан шығарылды.

Айта кетейік, Жетісу облысында да 20 жылдан астам еңбек өтілі бар аудандық бөлімше басшысы жүйелі түрде бәс тіккені үшін қызметінен айырылған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу