Төсекке таңылған қарияны немересі кереуетімен бірге өртеп жіберді

Францияның Бурк-ан-Брессе қаласындағы апелляциялық сотта 33 жастағы әйелге «ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру» айыбы тағылды. Прокуратура 95 жастағы атасын өртеп өлтіргені үшін 15 жыл бас бостандығынан айыруды талап етті.
Айыптау нұсқасы бойынша, ол 95 жастағы, төсек тартып жатқан атасының кереуетіне от қойған.
Әйел өз әрекетін «атамның азабын қысқартқым келді» деп түсіндірді.
Дегенмен генералды прокурор Эрик Мазо бұл уәжді үзілді-кесілді теріске шығарды:
«Сүйсең — өртемейсің. Бұл – махаббат емес, азап», – деді ол сотта.
Прокуратура істі «ерекше қатыгездік жағдайында жасалған кісі өлтіру» бабы бойынша қарауды ұсынды. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – өмір бойына бас бостандығынан айыру, бірақ айыптаушы тарап 15 жылдық жаза сұрап отыр.
Сот алқабилерінің соңғы сөзі мен үкімі алдағы бірнеше күнде жарияланбақ.
Соңғы жаңалықтар





