Трамп өзінің «өлімі» жайлы қауесеттерге пікір білдірді

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп бірнеше күн бойы көпшілік алдына шықпағаннан кейін әлеуметтік желілерде оның сырқаттанғаны не қайтыс болғаны туралы қауесеттер тарады. Желіде тіпті #trumpisdead хэштегі кеңінен қолданылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
30 тамыз күні таңертең Ақ үйдегі Daily Caller басылымының тілшісі Рейган Риз бұл болжамдарды жоққа шығарды. Дегенмен, X әлеуметтік желісінде «Трамп қайда кетті?» деген жазбалар тарап, саясаткердің соңғы күндері ешбір шараға қатыспағаны талқыланды.
Көп ұзамай Дональд Трамптың өзі журналистерге түсініктеме берді. Ол өзінің «өлімі» туралы хабарламаларды естімегенін айтып, мұндай ақпаратты «ақылсыздық» деп атады.
«Мен екі күн бойы ештеңе істеген жоқпын. Бұл – жалған жаңалықтар. Сол себепті БАҚ-қа деген сенім азайып бара жатыр», – деді саясаткер.
@cnbc President Donald #Trump on Tuesday addressed online speculation about his health, saying he was "very active over the weekend" and attributing his lack of public appearances to the Labor Day holiday. Find more at the #linkinbio or tap on your screen. #CNBC ♬ original sound - cnbc
Соңғы жаңалықтар





