Трамп пен Путиннің сөйлесуі Ресей акцияларын 2,2 млрд долларға қымбаттатты
Трамптың Ресеймен байланысы Мәскеу биржасына оң әсер етті
АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің телефон арқылы сөйлесуі Ресей қор нарығына серпін берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ, ORDA арнасына сілтеме жасап.
Келіссөзден кейін бір сағат ішінде Ресейдің ең ірі компанияларының капитализациясы 2,2 миллиард долларға өсті.
Мәскеу биржасының MOEX индексі 2024 жылдың шілдесінен бері алғаш рет 3100 пункттен асты. Кешкі IMOEX2 индексі 3,01%-ға өсіп, 3116,85 пунктке жетті, ал кейіннен 4,5%-ға дейін жоғарылады.
Ең үлкен өсімді көрсеткен компаниялар:
- «Газпром» – +8,13%
- «НОВАТЭК» – +8,51%
- «Юнипро» – +8,85%
- «Совкомфлот» – +7,81%
- «Транснефть» (артықшылықты акциялар) – +6,03%
- «Яндекс» – +6,02%
- «Т-Технологии» – +5,83%
Сонымен қатар, «Сбербанк» акциялары 4%-ға, «Роснефть» 2,1%-ға, «Газпром» 7,9%-ға, ал «Новатэк» 3,8%-ға қымбаттады.
Трамп Путинмен сөйлескеннен кейін Украина президенті Владимир Зеленскийге де қоңырау шалды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
06.11.2026
23:14
«Мұндайға қалай жол бердіңіздер?»: Қостанай суп...
06.11.2026
22:28
Шетелдіктерге қазақстандықтардың ЖСН-ін пайдала...
06.11.2026
21:27
Әлемдік ғылымға үлес қосқан қазақ ғалымы АҚШ-та...
06.11.2026
20:19
Маңғыстауда вахталық автобус жұмысшыны қағып өл...
06.11.2026
19:13
Таразда екі полиция қызметкері тәркіленген қару...
06.11.2026
18:34
«Тірі қалғандарың өкінішті» деп ашаршылықты кел...