Трамп Ресей шабуылдарына көңілі қалғанын айтты

Трамп Ресей шабуылдарына көңілі қалғанын айтты
28.04.2025 10:29
0
265
Mandel Ngan/AFP/Getty Images
АҚШ президенті Зеленскиймен қарым-қатынасының жақсарғанын айтты

Дональд Трамп Зеленскийдің Қырымнан бас тартуға дайын екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

АҚШ президенті Ватикандағы жеке кездесуден кейін Украина басшысымен қарым-қатынасы жақсарғанын мәлімдеді және Владимир Путинге сенім білдіру мәселесіне қатысты пікір айтудан бас тартты.

Жексенбі күні, Зеленскиймен Ватиканда кездескеннен кейін, Трамп Нью-Джерси әуежайында журналистердің Қырымнан бас тарту туралы сұрағына: «О, мен солай ойлаймын», – деп жауап берді.

Қырымға қатысты пікіріне қарамастан, АҚШ президенті украиналық әріптесіне деген оң көзқарасын білдіріп, оның «еліне жақсы нәрсе жасағысы келетінін» және «еңбекқор» екенін атап өтті.

Трамп Украина президентімен әңгімесін еске алып, Ресейдің Владимир Путин мен Стив Уиткофф арасындағы келіссөздерден кейін Украинаны бомбалағанына «таңғалғанын және қатты көңілі қалғанын» айтты. «Ресей зымыран ұшырғанына қатты ренжідім», – деді АҚШ басшысы.

Зеленскийдің «маған көбірек қару керек екенін айтты, бірақ ол бұл туралы үш жылдан бері айтып жүр» деген Трамп, Путиннен не күтетінін де жеткізді: «Мен оның оқ атуды тоқтатқанын қалаймын. Келісімге қол қойып, бұл мәселені аяқтаса екен деймін. Біз консенсусқа келдік деп ойлаймын, енді оған қол қойып, тоқтатқанын қалаймын».

«Сіз Путинге сенесіз бе?» деген сұраққа Трамп: «Екі аптадай уақыттан кейін айтамын», – деп жауап берді. Бірақ нақты не күтетінін түсіндіруден бас тартты: «Екі апта немесе одан аз уақыт ішінде білесіздер. Олар көп адамынан айырылып жатыр. Әр апта сайын 3-4 мың адам қаза табуда», – деді ол.

Трамп Ватикандағы жеке кездесуден кейін Зеленскиймен қарым-қатынасы жақсарғанын айтып: «Біздің қарым-қатынасымыз ешқашан жаман болмаған. Бізде тек кішігірім келіспеушілік болды, өйткені мен оның кейбір сөздерімен келіспедім. Камералар түсіріп тұрды, мен оған қарсы болмадым», – деді.

«Ол өте қиын жағдайда тұр. Ол әлдеқайда қуатты қарсыласпен күресуде», – деп қосты Трамп.

Сондай-ақ, Трамп Ватиканда кездескен Зеленскийдің ақпан айында Ақ үйде болған кездегі жағдаймен салыстырғанда «сабырлырақ» екенін айтты.

«Ол жағдайды түсініп, келісімге келгісі келеді деп ойлаймын», – деді АҚШ президенті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий