Трамп Тоқаев пен Мирзиёевті шатастырып алуы мүмкін
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев Трамптың Тоқаев пен Мирзиёевті шатастырып алуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Америкалық Reuters агенттігі Дональд Трамптың Тоқаевпен телефон арқылы сөйлескені туралы жазған болатын. Алайда, бұл жаңалық Ақорданың да, Ақ үйдің де ресми сайттарында жарияланбады. Бір қызығы, дәл осы күндері Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі, керісінше, Трамптың Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлап, оны ресми сапармен өз еліне шақырды.
Әшімбаев бұл жағдайға қатысты өз пікірін білдіріп, бірнеше болжам ұсынды. Оның ойынша, Трамп кіммен сөйлескенін шатастырып алуы мүмкін.
«Трамп әңгімелесушісін шатастырып алды ма, әлде шынымен Тоқаевқа хабарласып жатырмын деп ойлады ма, ал сыпайы Өзбекстан президенті оған қарсылық танытпаған ба, белгісіз», – деп жазады саясаттанушы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
17:28
Путин, Трамп, Си Цзиньпин: Әлем көшбасшылары То...
25.10.2026
16:32
Атыраудағы NIS мұғаліміне қатысты дауда жаңа де...
25.10.2026
16:16
Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі ұсталғаны хабарланды
25.10.2026
15:14
Ыстамбұлда 26 жастағы қазақстандық қыз жұмбақ ж...
25.10.2026
14:10
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы жүк көліг...
25.10.2026
13:34
Атырауда әйелдерді дәретханада жасырын видеоға ...