Трамптың ұлы Украинаны әкесіне жасалған қастандық туралы ақпаратты жасыруға тырысты деп айыптады

Трамптың ұлы Украинаны әкесіне жасалған қастандық туралы ақпаратты жасыруға тырысты деп айыптады
09.04.2025 09:52
0
62
Rebecca Noble / Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлы Дональд Трамп-кіші Украина билігін әкесіне жасалған қастандық әрекеті туралы ақпаратты жасыруға тырысты деп айыптады.

Бұл туралы ол өзінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ  РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Егер сіз Украина АҚШ-тың көрсеткен көмегі үшін ешқашан алғыс айтпағанын ұят деп санасаңыз, онда олар осы социопаттың әкемді өлтіру үшін қару сатып алмақ болғаны жайлы бізге хабарламағаны — әлдеқайда маңызды мәселе. Қызық, неге жасыруда?" – деп жазды Трамп-кіші.

Newsweek басылымы таратқан мәліметке сәйкес, Флорида штатының сотына АҚШ Әділет министрлігі ұсынған құжатта Райан Уэсли Рут есімді азаматтың ұсталар алдында бір ай бұрын Украинадан зениттік Stinger зымыранын немесе танкіге қарсы гранатомет сатып алуға әрекеттенгені айтылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, Рут бірнеше рет Украина Қарулы күштеріне қосылуға тырысқан, алайда әр жолы ол қабылданбай, елден шығарылған. Оның ұлы Оран The Guardian газетіне берген сұхбатында әкесінің Украинаға барғанын және сол өңірдегі жағдайға аса құмар болғанын растады.

Трампқа жасалған екі қастандық

2024 жылы Дональд Трампқа қарсы екі рет қастандық әрекеті жасалды:

  1. 13 шілде күні Пенсильвания штатында сайлауалды жиын барысында Трамп құлағынан жараланып, көрермендердің бірі қаза тапты. Қастандық жасаған күдікті Секрет қызмет тарапынан сол жерде жойылды. Ол сахнадан 100 метр қашықтықтағы өндірістік ғимараттың шатырында жасырынып отырған.

  2. 15 қыркүйекте Флоридадағы гольф-клуб маңында Трампқа тағы бір қастандық жасалды. Бұл жолы да Секрет қызмет өкілдері шабуылдаушыға оқ атып, оны тұтқындады. Күдікті бұталардың арасына тығылып, кейін көлікпен қашып кетуге тырысқан.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий