«Туа біткен шашты да көре алмайтындар бар»: Ерке Есмахан хейтерлерге жауап қатты
1714
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде өзіне бағытталған сын-пікірлерге қатысты ойын ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz
Өнер иесінің сөзінше, соңғы уақытта желі қолданушылары оның бұйра шашына күмәнмен қарап, түрлі болжам айта бастаған.
«Бұйра шашымды “жалған”, “химия”, “биозавивка”, тіпті “парик” деп жазып жатыр. Туа біткен шашқа да сенбейтін адамдар бар екен. Шынымды айтсам, шок болдым», – деп жазды әнші.
Еркені жақындары мен туыстары да қолдап, оның шашы бала кезінен табиғи бұйра екенін растаған.
Сонымен қатар, әнші хейтерлермен пікірталасқа түспейтінін, негатив жазатындарды бірден бұғаттайтынын жеткізді.
«Маған оқырмандарымның сапасы маңызды. Теріс пікір көрсем өшіремін, блоктаймын. Өз энергиямды дәлелдеуге жұмсағым келмейді. Көреалмаушылықтан аулақпын. Ал жарық адамдарға тек жақсылық тілеймін», – деді Ерке Есмахан.
Соңғы жаңалықтар
16.09.2026
14:37
Көмек іздеп, әр есікті қағады! Депутат мүгедект...
16.09.2026
14:23
Жатақхана кезегін ашық жүргізіп, орынды онлайн ...
16.09.2026
14:11
Республика күні: Қазақстандықтар қазан айында қ...
16.09.2026
14:07
Қоныстой өтпей, қабырғасы жарылады: Жаңа үйлерд...
16.09.2026
13:58
Жастар жұмыссыз жүр: Депутат форумдарға ақша жұ...
16.09.2026
13:47
Ғылымға қаржы 6 есе көбейді: Қайтарымы қайда