Туған күн тойлау үшін көлге бара жатқан бес қыз жантүршігерлік жағдайда қаза тапты

Туған күн тойлау үшін көлге бара жатқан бес қыз жантүршігерлік жағдайда қаза тапты
08.08.2025 10:35
0
1899
ашық дереккөз

АҚШ-тың Техас штатында бес жас қыз туған күнді атап өтуге бара жатып, жол апатынан қаза тапты.

CBS News-тің хабарлауынша, қайғылы оқиға 25 шілдеде болғанымен, оның толық мән-жайы жуырда ғана белгілі болды.

Даллас қаласынан шыққан құрбылар тобы Техастың Кингсленд қаласына қарай жолға шыққан. Олар жол бойындағы әсем көл жағасында демалып, табиғат аясында Талия Салинастың 23 жасқа толған күнін атап өтуді жоспарлаған. Көлікті туған күн иесінің өзі – Mercedes маркалы жол талғамайтын көліктің тізгінінде отырған Талия – жүргізген.

Алайда сапар қайғылы жағдаймен аяқталды. Мақсаттарына жетулеріне аз уақыт қалғанда, Коди Тэлли есімді жүргізуші айдап келе жатқан, ішінде ат тасымалдайтын тіркемесі бар жүк көлігі кенеттен қарсы жолаққа шығып кетті. Басқаруын жоғалтқан жүк көлігі бірнеше көлікпен соқтығысып, соңында қыздар отырған Mercedes-пен бетпе-бет соғылды. Қатты соққыдан көлік аударылып, бірден өртеніп кетті.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі бес қыздың да оқиға орнында көз жұмғанын растады. Полиция мәліметінше, олардың өлімі бір сәтте орын алған.

Апатқа себепкер болған 42 жастағы Коди Тэлли зардап шеккендерге көмек көрсетпестен, оқиға орнынан қашып кеткен. Бірнеше күндік іздестіру жұмыстарынан кейін, 5 тамызда ол құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды. Қазіргі таңда оған бес адамның абайсызда өліміне себеп болды деген айып тағылып отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий