«Түк мән-мағынасы жоқ»: күміс тойына ақ көйлек пен фата киіп шыққан Роза Әлқожаны жұрт сынап тастады
1228
Қазақстандық танымал композитор әрі әнші Роза Әлқожа күйеуімен отасқанына 25 жыл толуына орай үлкен той өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әнші мерекелік сәттерден үзінділерді Instagram парақшасына жариялаған. Бейнежазбаларда оның ақ көйлек пен фата киіп, жас жұбайлардай қонақтардың алдына шыққаны көрінеді.
Тіпті жолдасымен бірге торттан дәм татқан сәті де бар.
Алайда желі қолданушылары бұл әрекетін бірдей қабылдамады. Көпшілігі мұны артық шығын, ерсі қылық деп бағалады.
«Менің ойымша, қажеті жоқ нәрсе, құр ысырап», «Қай ата-бабаң осылай той жасап еді, Роза-ау?», «Неге қайтадан фата киіп жүр, әлде кезінде кимеген бе?», «Түк мән-мағынасы жоқ, мұны той деп айтуға да ұят», – деген пікірлер қалдырылды.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
23:14
Көкшетауда 4 жасар бала ашық құдыққа құлап көз ...
08.10.2026
22:43
Шымкент тұрғындарының жылуға төлейтін қарызы 82...
08.10.2026
22:33
Пәтерін жалға берген астаналық 4 айдан бері үй...
08.10.2026
22:32
«Елді мақтан ету – басты мақсат»: ҚФФ ұлттық қ...
08.10.2026
22:24
Мұхит Сапарбаев: Шоу-бизнесте арықтатын қытай д...
08.10.2026
21:59
Перизат Алпыс: Күйеуім бірінші некеден туған ұл...