Түнде әлемде не болды - 13 наурыз

Түнде әлемде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ресей президенті Владимир Путин Курск облысындағы әскерлерді басқару орталығына барып, Бас штаб бастығы Валерий Герасимовтың баяндамасын тыңдады. Путин жиынға әскери киіммен келді. Герасимовтың айтуынша, Украина Қарулы күштерінің Курск облысындағы тобы қоршауға алынған.
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Филиппиннің бұрынғы президенті Родриго Дутертені қамауға алды. Соттың мәлімдемесіне сәйкес, Дутерте адамзатқа қарсы қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталған. Оны тұтқындау туралы ордерді Халықаралық қылмыстық сот шығарған.
Пәкістанда пойызды басып алған барлық лаңкестер жойылды. Times of India газетінің хабарлауынша, арнайы операция барысында 300-ден астам кепілдегі адам босатылды. Дегенмен бейбіт тұрғындар арасында құрбандар бар, нақты саны әзірге жарияланбады.
Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында мыңға жуық адам зейнетақының төмендігі мен өмір сүру құнының өсуіне наразылық білдірді. Елдің қауіпсіздік министрі Патрисия Буллрич LN+ арнасына берген сұхбатында наразылық кезінде полициямен қақтығыстар болғанын мәлімдеді. Бұл жолғы акцияға зейнеткерлерге қолдау көрсеткен футбол жанкүйерлері де қосылған.
Соңғы жаңалықтар





