Түнде саябақта екі бірдей адамды бауыздап кетті

Түнде саябақта екі бірдей адамды бауыздап кетті
15.09.2025 12:29
0
232
SHOT

Мәскеудегі екі бірдей саябақта ер адам мен әйелге пышақпен шабуыл жасалды.

Алғашқы оқиға Филевский саябағында тіркелді – мойын тұсынан пышақ жарақатын алған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Бірнеше сағаттан кейін Битцевский орманында тағы бір қылмыс орын алған: сол жерден әйел адамның денесі табылып, жанынан пышақ анықталды. Қазірге дейін оның алған жарақаттары жайлы нақты ақпарат жоқ. Алайда әйел де көз жұмғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Құқық қорғау органдары ер адамға шабуыл жасаған күдіктіні анықтап, оны ұстады. Күдікті өз кінәсін толық мойындаған. Тергеу комитеті оның қамауға алынуын сұрап, тиісті өтінішті жолдады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы Мәскеу қалалық прокуратурасының бақылауында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий