«Тұра алмай жатырмын». Дана Нұржігіт жазбасымен жұртты ойландырып қойды
Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде жазба жариялап, жұртты ойландырып қойды.
Оның денсаулығы сыр беріп, үлкен іс-шараға қатыса алмаған.
Жатар алдындағы ойлар ғой… Кеше өзім үшін үлкен жаңалық болған оқиға басымнан өтті. Бұрын соңды жасамаған ісім. Үлкен форумға қатысуым керек еді. Таңертең басымды көтере алмай, дел-сал боп ояндым. Алда қандай күн болатынын біліп, ұйымдастырушыларға тлф шалдым. Шынымды айттым. Басым солқылдап, жүрек айнып, жағдайымның болмай тұрғанын. Тлф арғы жағындағы адам мені «естімеді». Түсінемін, бәрі ең алдымен өз жағдайын ойлайды ғой. Мен алдын ала ескерткенім дұрыс дегенім жайына қалды. Сенің хәліңді ойлайтын ешкім жоқ екен. Осы кезде мен өмірімде жасамағанымды жасадым, - деп жазды ол.Тележүргізуші жағдайының нашарлағанына қарамай жұмысқа шығуды ойлаған.
Эфир үшін жан пида деуші едім бұрын,сөз бердің бе, өл,тал-жаса дейтін едім! Осы жолы отырған орнымнан тапжылмай, солқылдаған басымды орап алып, бүк түсіп жатып алдым. Мұндай «Дананы» мен өзім де жаңа көріп тұрмын! Менің жан ұшырып жүгіргенім үшін, басыма ешкім көк тас орнатпайды. Өмірі өзегім талып шапқылаймын да жүремін.Тұра алмай жатырмын дегенді еститін құлақ жоқ. Осы жолы мен өзімді таңдадым! Айттым бітті! Қазір! Дәл қазір мен өзіме керекпін! Алдымен өзімді жарылқап алайын дегенім айып емес шығар?! Біреуге қуат беру үшін, өзің жанып тұруың керек. Тәнің ауырып, жаның қуыс боп тұрса, неңді бересің?! Мұндай кезде тек өзіңді таңда дедім өзіме! Осыдан кейін,білесіз бе, тіпті баяғыда өзімді өзім жеп қоя жаздайтын кеудеңдегі құрт та өліп қалғандай, тым тырыс болды да қалды.Айыпты болдым, ұят болды-ау деген ой да келмеді. Мен «жоқ» дей алатын болыппын. Өзімді таңдайтын болыппын деп рахаттанып қалдым!, - деп жазды тележүргізуші.Оның сөзінше, жұрттың не ойлайтыны маңызды емес, «азаптан» азат болғаннан артық ештеңе жоқ.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
20:38
Алматы метросындағы оқиғаның видеосы пайда болды
12.12.2024
19:31
Назарбаевтың өмірі мен денсаулығына қатысты дер...
12.12.2024
18:49
Атышулы Амилай қамауға алынды
12.12.2024
17:40
«Апасының қасынан қалмайды»: Құралай Анарбекова...
12.12.2024
17:39
"Қан түкіріп жатса да, бір баласы келмеді": Нұр...
12.12.2024
17:18
"Танымай қалдық": өзгеріп кеткен Меруерт Түсіпб...