Түркістанда 15 жастағы Мейіржанның өліміне кінәлілер сотталды
Түркістан қаласында 15 жастағы Мейіржан Нұржанұлының өліміне қатысты іс аяқталып кінәлілер тиісті жазасын алды, деп хабарлайды Politico.kz Astanatv арнасына сілтеме жасап.
Сот барысында айыпталушылардың марқұмға әлімжеттік жасағаны толық дәлелденді. Нәтижесінде басты күдікті 7 жыл 6 айға сотталса, осы қылмысқа қатысы бар кәмелетке толмаған тағы үш жасөспірімге 1 жыл 4 айға шартты жаза тағайындалды.
Еске салайық, былтыр қараша айында қала сыртындағы зират маңынан баланың мәйіті табылғаннан кейін бірден бір топ жасөспірім тергеуге қамауға алынған еді.
Марқұмның жақындары бұл қайғылы жағдайды құрдастарының ақша бопсалауымен байланыстырған болатын, ал сот барысында баланың жүрек тұсына тиген ауыр соққыдан көз жұмғаны расталды. Бұл істе жәбірленуші тараптың пікірі екіге жарылды, марқұмның анасы кінәлілерді кешіргенімен, заңды өкілі ретінде танылған ағасы сот тағайындаған жазамен мүлдем келіспейтінін мәлімдеді. Қазіргі таңда сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
Соңғы жаңалықтар