Түркістанда 17 жастағы қызды туысы бір жыл бойы зорлап, кейін достарына «сатқан»

Түркістанда 17 жастағы қызды туысы бір жыл бойы зорлап, кейін достарына «сатқан»
22.08.2025 09:18
0
160
Фото: freepik.com

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында 17 жастағы қызды туысы бір жыл бойы зорлап, достарына «сатқан». Зорлық көрген бір жылға жуық уақытта «клиенттер» саны ондаған адамға жеткен, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz-ке сілтеп. 

Бұл секс-құлдық оқиғасын блогер Жан Ахмедов әлеуметтік желіде айтты. Лейла атты бойжеткен әділдікке қол жеткізе алмай келе жатқанын жеткізді.

 

 

«Бір жыл бұрын мені Зәкір атты туысым маған көлік айдап үйретемін деп алдап апарып зорлады. Сол кезде мені зорлағанын бейнекамераға түсіріп алып, ешкіме айтпа деп мені қорқытты. Бір жыл бойы маған ойына келгенін жасады. Мені өзі зорлағанымен қатар таныс достарына да зорлыққа сатты. Бастапқыда полиция департаментінде Зәкір істеген ісін мойындады. Тағы да мені қорлаған бес адамды да тапқан еді. Алайда қазір іс басқа жаққа бағыт алып бара жатыр», – деді бойжеткен Лейла.

Бойжеткеннің  қылмыстық іс зорлау бабымен емес 147 бап бойынша қозғалып күдікті жазадан құтылып кете ма, деп қорқатынын айтты. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий