Түркістанда 191 миллион жымқырған шенеуніктер ұсталды
2487
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түркістан облысындағы бірнеше жергілікті атқарушы орган басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Тергеу материалдарына сәйкес, Қоғамдық даму басқармасының басшысы бағынышты қызметкерімен келісіп, қызметкерлердің еңбекақысын төлеуге бөлінген 191 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілінді.
Бұған қоса, Ветеринариялық қызметі басқармасы басшысының қаржы-шаруашылық қызметін тексеру нәтижелері бойынша оң қорытынды шығарғаны үшін комиссия өкілдеріне 16 млн теңге мөлшерінде пара беру фактісі тергелуде.
Соттың санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
21:34
Тележүргізуші: Балам түсіп қалсын деп мұздың үс...
08.10.2026
21:31
«Мектептің маңында жүр»: ШҚО тұрғындары жыртқы...
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...