Түркістанда селфи жасаймын деп суға кеткен қыздың денесі табылды
332
Түркістанда селфи жасаймын деп өзенге ағып кеткен 16 жастағы қыздың денесі табылды, деп хабарлайды politico.kz.
Үш күнге созылған іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды. ТЖД хабарлауынша, жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 500 метр қашықтықта, төменгі ағыс аумағынан табылған.
Жас қыз тау өзенінің бойында фотоға түсемін деп тайып жығылып, суға ағып кеткен. Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 2024 жылғы 28 шілдеде сағат 10:41-де қыз баланың достары хабарласады. Олардың айтуынша, 16 жастағы жасөспірім «Сайрам-Өгем» аумағына Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта Сайрам-су таулы өзенінде фотосессия жасап жүріп, абайсызда жығылып қалған. Содан суға батып кеткен.
«Құтқарушылардың жұмысын қатты ағын мен мұздай су қиындатты. Марқұмның мәйіті бүгін ғана табылды», - делінген ТЖД ақпаратында.
Фото: Түркістан облысы ТЖД
Соңғы жаңалықтар
24.08.2026
19:00
Астанада металл іздегіш рамасының жанында шалба...
24.08.2026
18:40
Асылбек Боранбаевтың жұбайы: Ұйғыр болсам да, ө...
24.08.2026
18:24
Боранбаевтың жұбайы: Қыздарым "әкем сияқты жігі...
24.08.2026
17:39
Шығыс Қазақстанда аю адамға шабуыл жасады
24.08.2026
17:38
Тоқаев шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдар...
24.08.2026
17:11
Қазақстан спортшылары әлемдік рейтингте жоғары ...