«Тұрмысқа шығайын деген өзім»: Алтынай Жорабаеваның қызы ерте тұрмысқа шығу себебін айтты

02.08.2026 13:17 Қарақат АСЫЛОВА
«Тұрмысқа шығайын деген өзім»: Алтынай Жорабаеваның қызы ерте тұрмысқа шығу себебін айтты
319
Фото-коллаж: Politico.kz

Әнші Алтынай Жорабаеваның қызы ұзату тойы кезінде берген сұхбатында болашақ жарымен таныстығы, отбасын құру туралы шешімі және алдағы жоспарлары жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Politico.kz.

Оның айтуынша, сүйіктісімен танысқанына екі жыл болған. Осы уақыт ішінде қарым-қатынастары нығайып, тұрмысқа шығу мәселесін алғаш болып өзі көтерген.

«Бір күні “Қашан үйленеміз?” деп өзім сұрақ қойдым. Жолдасымның екі әпкесі де отбасын құрған. Соларға қарап, мен де шаңырақ көтергім келді», – деді ол.

Жас келін тосынсыйларды аса ұната бермейтінін де жасырмады. Сол себепті неке сақинасын да өз қалауымен таңдағанын айтты.

«Маған тосынсый жасаған ұнамайды. Егер көңілімнен шықпаса, ренжіп қалуым мүмкін. Сондықтан сақинаны өзім таңдадым», – деп түсіндірді ол.

Айтуынша, болашақ жарымен ортақ достары арқылы танысқан. Алғашқы кездесуден кейін екеуінің арасы жақындасып, кейін бұл қарым-қатынас отбасы құру туралы шешімге ұласқан.

Белгілі болғандай, күйеу жігіт заң колледжін аяқтап, қазір жоғары оқу орнында білім алып жүр. Ол көпбалалы отбасында өскен, бес баланың ортаншысы.

Жас жұбайлар үйленгеннен кейін алғашқы алты айда ата-анасымен бірге тұруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, күйеу жігіттің туған жері Жамбыл облысындағы Қордай ауданы болғандықтан, тойға дейін сол жақта болатынын жеткізді.

Войдите, чтобы оставить комментарий