"Тұрсынбек дауысың жоқ айтатын еді". Мөлдір Мұқан ән айтып, ұятқа қалды

10.10.2025 18:15
0
72

Продюсер Мөлдір Мұқан сахнада ән айтамын деп ұятқа қалды. Бұл туралы POLITICO.KZ хабарлайды. 

Мөлдір Мұқан әріптесі Гүлнұр Оразымбетованың орындауындағы “Қорқыт-қобыз” әнін орындаған. Желі қолданушылары продюсердің даусын сынап тастады. 

“Тұрсынбек “даусың жоқ” деген кезде тыңдауың керек еді”, “Қорқыттың өзі шошып кеткен шығар”, “Текке халық сынына ұшырап, ұятты болып қалдың”, “Гүлнұрдан асырып ешкім орындай алмайды”, “Қорқыт мынадай кейін атын ауыстыратын шығар”, “Ұйқым келмейді” деген ән мынаның қасында дұрыс сияқты”, “Қобызбен ұрып өлтіретін екен”, – деп жазды желі қолданушылары.

Еске салайық, Мөлдір күйеуінің сынын жиі естігенін айтқан еді. 

“Мен ән айта бастасам, Тұрсынбек “сенің дауысың жоқ, ән айтпашы” деп тоқтататын. Бір кездері телеарнаға жүргізуші болғым келді. Күйеуімнен көмек сұрап, қолдау күткенмін. Ел алдында жүрген соң дауыс қою, сөздің анық шығуы деген секілді маңызды заттарды үйретуін сұрадым. Қолыңнан келмейді деп ашық айтатын. Солай басылып қалдым”, – деп көзіне жас алды Мөлдір.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий