Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі ұлттық биімен көпшілікті тәнті етті
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман әлеуметтік желіде жаңа бейнежазба жариялап, өз өнерін тағы бір мәрте көпшілік назарына ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz
Айман қазақтың ұлттық биін орындап, видеоны желіге жүктеген. Бейнежазба қысқа уақыт ішінде кеңінен таралып, көрермендердің басым бөлігі оның өнеріне жоғары баға берді. Желі қолданушылары бишінің орындау шеберлігі мен сахналық мәдениетіне тәнті болып, жылы лебіздерін жаудырды.
Пікірлер арасында:
«Керемет, Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Бәрі жарасымды», «Фигурасы күшті», «Жақсы билейді екенсіз» — деген жазбалар жиі кездеседі.
Алайда бейнежазбаны сын көзбен қабылдағандар да табылды. Кейбір оқырмандар бұл әрекетті артық көрсету деп бағалап, түрлі пікір қалдырды. Олардың арасында:
«Күйеуіңізді осылай билеп жүріп сындырдыңыз ғой», «Тұрсынбектің үлкен қыздарына ұқсайсыз», «Өзіңізден де жас қыз алса не істер едіңіз?» — деген сарындағы пікірлер бар.
Соған қарамастан, бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып, көпшіліктің назарын аударып жатыр.
Айта кетейік, Айманның негізгі мамандығы биші. Сонымен қатар ол режиссура саласында да білімі бар екенін бұған дейін мәлімдеген.
Соңғы жаңалықтар