“Твиттердегі қанішер” атын жамылған маньяк адамдардың денесін бөлшектегені үшін өлім жазасына кесілді

“Твиттердегі қанішер” атын жамылған маньяк адамдардың денесін бөлшектегені үшін өлім жазасына кесілді
27.06.2025 16:14
0
47
Фото: freepik.com

Жапонияда тоғыз адамды өлтірген Такахиро Шираиши өлім жазасына кесіліп, үкім орындалды. Бұл елде соңғы үш жылда алғаш рет жүзеге асқан өлім жазасы. Ол құрбандарын Twitter арқылы тауып, пәтерінде тұншықтырып өлтіріп, денелерін бөлшектеп жасырған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Orda.kz сайтына сілтеме жасап. 

Reuters агенттігінің дерегінше, Шираиши құрбандарын Twitter арқылы тауып, оларды пәтеріне шақырып, тұншықтырып өлтірген. Кейін мәйіттерін бөлшектеп, жасырып отырған. Құрбандардың сегізі — әйел, біреуі — ер адам. Осы әрекеті үшін ол «Твиттердегі қанішер» деген лақапқа ие болған.

 

Жапонияның әділет министрі Кэисукэ Сузуки бұл үкімді бекітіп, «сот шешімі жасалған аса ауыр қылмыстарға толық сәйкес келеді» деді. Министрдің сөзінше, «елде мұндай қатыгездікке толы қылмыстар жалғасып жатқан кезде өлім жазасынан бас тарту ертерек».

Бұл үкім — Жапонияда 2022 жылдан бері алғаш рет орындалған өлім жазасы. Елде аса ауыр қылмыс жасағандарға жаза дарға асу арқылы жүзеге асырылады. Үкімнің нақты күні сотталғандарға алдын ала хабарланбайды: олар жаза орындалатынын небәрі бірнеше сағат бұрын ғана біледі.

Қазір Жапонияда өлім жазасына кесілген 105 адам бар.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий