"Уәде орындалмады": Қайрат Нұртас үшін 70-тегі әжей жылап қалды

10.12.2025 19:55 Берік Арманов
0
239
Коллаж: sn.kz

Желіде Қайрат Нұртастың жанкүйері, 70 жастағы әже қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Қызы әжейдің 70 жас мерейтойын жасап, Қайрат Нұртасты шақырамын деп уәде берген. Алайда отбасылық мәселелерге байланысты бұл тілегін орындау мүмкін болмаған. Әженің көңіл-күйі бірден түсіп, жылап жіберген.

"Алла қаласа 75 жасыңа шақырамыз. Оған дейін басқа Қайраттар да шығатын шығар. Соларды шақырамыз", - деп жұбатты қызы. 

Алайда нағыз жанкүйер бұған көнбеді.

"Маған тек Қайрат Нұртас керек. Әлі тыңдаймын оны. Өзгермейді. Қайрат жақсы бала. Кез келген әнші халықтың жүрегіне кіре алмайды. 70-тегі менің жүрегіме кіріп тұр ғой. Менің балам сияқты", - деп жауап берді әже.

Желі қолданушылары әжейге қолдау білдірді. 

"Қайрат көрсе үйге кіріп шығады ғой, апаның қолын алып. Мен сенемін Қайратқа", "Келіп гүл беріп жатқан видеосын көрейік", "Қайрат Нұртастың концертіне апарыңыз", "Қайрат керемет жақсы жігіт, апаға барып немесе видео арқылы сәлем беріп қойса, бәріміз риза болып қалушы едік", - деп жазды оқырмандар.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий