Үкімет бизнесмендермен ымыраға келді: ҚҚС 16%, шегі 40 млн теңге

Үкімет бизнесмендермен ымыраға келді: ҚҚС 16%, шегі 40 млн теңге
09.04.2025 12:28
0
177
astanatv.kz
Қазақстанда ҚҚС 16%-ға өседі, бірақ әлеуметтік тауарлар босатылады

Қазақстан Үкіметі бизнес өкілдерімен ымыраға келді, деп хабарлайды POLITICO.KZ Злобная татешка арнасына сілтеме жасап.

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің мәлімдеуінше, Қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайыз деңгейінде белгіленеді. Сонымен қатар, ҚҚС тіркеу шегі 40 миллион теңге болады.

"Бұл – біз жеткен ымыраның нәтижесі. Алайда осы шешімнің салдарынан біз 160 мың жаңа салық төлеушіден және 400 миллиард теңге қосымша түсімдерден айырыламыз. Бизнесмендер біздің Үкімет пен Парламенттің осындай ымыраға баруға дайын екенін түсінуі керек. Бірақ жаңа жеке кәсіпкерліктерді ашу процесі енді қиындайды", – деді Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, кітап басып шығару және археология саласы ҚҚС төлеуден босатылады.

Денсаулық сақтау саласында Үкімет әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмек тізімін бекітеді. Бұл тізімдегі препараттар ҚҚС-тан босатылады. Ал ақылы медициналық қызметтерге 10 пайыз мөлшерінде ҚҚС салынады.

"Банктік операциялар ҚҚС-пен салықталады. Алайда бағаның өсуіне жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп банктердің қазіргі бағаларының негізділігін талдайды. Арнайы салық режимі бойынша рұқсат ету тізімі емес, тыйым салу тізімі енгізіледі. Яғни тыйым салынбаған қызметтің бәріне рұқсат етіледі. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қазіргі жеңілдік – 70 пайыздық шегеру сақталады. Ал өңдеу өнеркәсібі үшін корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 20 пайыз болады", – деп толықтырды министр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий