Украинада АҚШ-тың көмегінсіз қару қоры жазға дейін ғана жетеді

Украинада АҚШ-тың көмегінсіз қару қоры жазға дейін ғана жетеді
25.02.2025 13:43
0
717
Ашық дереккөз
Украина АҚШ-тың көмегінсіз қару тапшылығына тап болуы мүмкін

Украина АҚШ-тың әскери көмегінсіз жазға дейін қару-жарақ қорын сақтай алады, деп хабарлайды The Wall Street Journal баслымы.

Бірақ одан кейін Киев оқ-дәрі тапшылығына тап болып, кейбір заманауи қару жүйелерін қолдана алмай қалуы мүмкін.

АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс өкілі Селеста Уолландердің айтуынша, Байден әкімшілігінің соңғы айларда жіберген қару-жарағы жазға дейін Украинаға жетеді. Бірақ одан кейін елдің қарулы күштері маңызды ресурстардан айырылады.

Еуропа бұл бос орынды толтыруға тырысуда. 2024 жылы ЕО, Ұлыбритания және Норвегия Украинаға 25 млрд доллар әскери көмек көрсетті, бұл АҚШ-тың бергенінен көп. Бірақ Еуропада кейбір күрделі қару-жарақ жүйелерін өндіру мүмкіндігі шектеулі.

Украинаның әскери өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Былтыр 1,5 млн дрон шығарылса, биыл 30 000 ұшқышсыз аппарат пен 3 000 зымыран жасалады деп жоспарлануда. Дегенмен, АҚШ-тың зымырандық жүйелері мен әуе қорғаныс кешендері Еуропа үшін алмастыруға келмейтін жабдықтар болып отыр.

АҚШ-тың Patriot жүйелерінсіз Украина Ресейдің баллистикалық зымырандарынан қорғана алмайды. ATACMS тактикалық зымырандарынсыз алыс қашықтықтағы соққылар әлсірейді.

Сонымен қатар, АҚШ Украинаға қару-жарақ өндірісіне рұқсат бере ме деген сұрақ туындап отыр. Егер рұқсат етілмесе, бұл Киев пен Еуропа үшін үлкен соққы болмақ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий