Украина президенті Путинді "саңырау" деп атады

Украина президенті Путинді
06.01.2025 13:26
0
166
president.gov.ua
Зеленский: "Ресейді тек күшпен тежеу керек"

Украина президенті Владимир Зеленский америкалық блогер Лекс Фридманға берген сұхбатында Будапешт меморандумы мен Батыс елдерінің әрекеттеріне байланысты қатты сыни пікір білдірді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

1994 жылы АҚШ, Ұлыбритания және Ресей қол қойған Будапешт меморандумы Украинаға аумақтық тұтастыққа кепіл берген құжат болды. Алайда Зеленскийдің айтуынша, бұл келісімнің тиімділігі тек қағаз жүзінде ғана қалды.

– Оның қауіпсіздікке кепіл емес екенін қазір түсініп тұрмыз. Мұны ойлап тапқан барлық адамды тауып, жай ғана түрмеге қамау керек, – деді Зеленский.

Президент Донбасс пен Қырымның басып алынуынан кейін Украина Будапешт меморандумына қол қойған мемлекеттерге бірнеше рет хат жолдағанын, бірақ ешқандай жауап алмағанын айтты.

Зеленский енді Украинаға соғысты тоқтату үшін қағаз жүзіндегі кепіл емес, нақты әскери көмек қажет екенін атап өтті. Ол АҚШ пен Ұлыбританияның әрекетінен көңілі қалғанын жасырмады.

– Біз қажетті көмек алған жоқпыз. Бірақ айтылған сөздерді көмек деп санайтын болсақ, онда оны көп алдық. Өйткені тым көп сөз айтылды, – деді ол.

Президент Владимир Путинді "саңырау" деп атады және онымен тек күш көрсету арқылы сөйлесу керектігін айтты. Сонымен қатар Зеленский АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамппен Будапешт меморандумы туралы сөйлескенін, бірақ әңгіменің аяқталмағанын атап өтті.

Ақпарат Азаттық радиосы сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или